Ынтымақтастықты жалғастырайық!

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Ынтымақтастықты жалғастырайық!

«Қала-Ауыл» бағдарламасы аясында 30 қазан күні №3 гимназияда Павлодар ауданына қарасты ауылдық аймақтағы мұғалімдерге арналған облыстық семинар өтті.

Биыл жоба жаңа форматқа ие болды: бірнеше мамандандырылған мектептердің демеушілік ететін аудандарымен ынтымақтастығы жалғасуда. Павлодар, Ертіс, Успен аудандары мен Тереңкөл ауданының мұғалімдеріне Екібастұз қаласының №1 лицейі мен Павлодар қаласының №3 гимназиясының үздік мұғалімдері шеберлік сабақтарын өткізді.

187 ұстаз: яғни математика, тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, география, химия, информатика пәндерінің мұғалімдері, әкімшілік мүшелері дарынды балалармен жұмыс, мектеп жұмысын жоспарлау, функционалдық сауаттылық бойынша жұмыс, олимпиада тапсырмаларын шешу, сондай-ақ жасанды интеллект пен геймификацияны қолдану жолдарымен танысты.

«Өте пайдалы және қызықты семинар, біз көп нәрсені үйрендік», — деді қатысушылар семинарды ұйымдастырушыларға және тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге алғыс айтты.

Кәсіби өзара әрекеттесу жалғасуда.