Мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың тетіктері
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы
Мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың тетіктері
24 қарашада облыстық Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында орта білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметі мен әкімшілік корпусының қызметкерлеріне «Мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың тетіктері» тақырыбында оқу-әдістемелік сағаты өтті.
Онлайн семинар барысында заманауи жағдайда мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың жаңа тәсілдері анықталды. МІБ-да критериалды бағалау қағидасына баса назар аударылады (әр сапаның өз көрсеткіштері болуы керек, ал әрбір көрсеткіш жетістік деңгейлерін сипаттауы керек (деңгей дескрипторлары). Семинардың бірінші бөлімінде нәтиже сапасына қойылатын талаптар қарастырылды: мектептің қол жеткізген оқу нәтижелерін бағалау; процестің сапасына қойылатын талаптар: оқу іс-әрекеті жағдайларының сапасын бағалау; білім беру бағдарламаларының құрылымына қойылатын талаптар: «бөлінген жауапкершілік» қағидасы бойынша білім беру қызметінің барлық субъектілерінің басқару қызметінің сапасын бағалау.
Семинардың практикалық бөлімінде «Мектепішілік бақылаудың тәжірибелік тетіктері» блогында МІБ жобалау алгоритмі ұсынылды: оқу үдерісінің сапасын бақылаудың матрицалық негіздері, білім олқылықтарын толтыру бойынша жұмыс және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс; сабақ сапасының деңгейлік дескрипторлары бар бірыңғай бағалау жүйелері; пәндік мектепішілік іс-шараларды бағалау критерийлері.