Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Ақтоғай ауданы Абай мектебінің базасында “Мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру” тақырыбында интенсив өткізілді.

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Ақтоғай ауданы Абай мектебінің базасында “Мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру” тақырыбында интенсив өткізілді.

Семинар «Қала-Ауыл» жобасы аясында Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерімен және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты мен Ақтоғай ауданыны мектептерінің кәсіби әрекеттестігі негізінде ұйымдастырылды. Алтынсарин гимназиясының басшы орынбасары Н.Е. Камаловамен ауыл мектептерінің 24 орынбасарлары мектепішілік бақылауды ұйымдастыру тетіктерін әзірледі. Рефлексиялық бөлімде 2023-2024 оқу жылын ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды.